Жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

slide
slide
slide

Білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен орталық әдіскерлері ақпан айының 1 күні Ж.Жабаев атындағы #4 мектеп-гимназиясында болды

01 ақпан, 2023

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің  2023 жылғы 23 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын мемлекетік аттестаттаудан өткізу бойынша мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен орталық әдіскерлері ақпан айының 1 күні  Ж.Жабаев атындағы #4 мектеп-гимназиясында болды. Мектепке әдістемелік көмек көрсету барысында аттестаттаудан өтетен мұғалімдердің сабақтарына кері байланыс берілді. Сонымен қатар, мұғалімдердің сабақтарын зерделеу барысында   сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, қолданылған  әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау  процесіне тартылауына көңіл бөлінді.  Жұмыс нәтижесі бойынша әр әдіскер сабақтарға талдау жасап, мектеп  әкімшілігіне, мұғалімдерге   ұсыныстар  берді.

Білім беру мекемесінің жұмысын бағалау өлшемшарт талаптарына сәйкес зерделеніліп, әдістемелік көмек  көрсетілді.