Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК
Бүгін Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қарашаңырақ Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ақын журналист, жазушы, "Менің әкем - ең жақсы адам", "Жарық ғалам" кітаптарының авторы, Шымкент қалалық Қарашаңырақ Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры-Фатима Забурақызының "Мықты әйел" кітабының тұсаукесері өтті. Кешке мектебіміздің 10 сынып оқушылары арнайы барып атсалысты. Кездесу барысында
"Есіл толқындары" ардагерлер ансамблі әннен шашу шашып, диктор Қуат Ахметжанов автордың өлеңін мәнерлеп ұсынса, мектебіміздің шәкірттері Тұрғанбек Нұрсұлтан, Абдиханов Азат, Шанай Гауһар "Мықты әйел" кітабынан үзінді оқып кештің көркін кіргізді.