Жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

slide
slide
slide
slide
slide

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғысынан қалыптасуы тиіс екенін атап өткен болатын

20 ақпан, 2023

Осыған орай биылғы оқу жылынан бастап мектебімізде  «20 минут кітап оқу»  сағаты   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  жүзеге асуда. Әр аптаның сәрсенбісінде мектеп оқушылары  мен ұстаздары өздерінің сүйікті кітаптарын мектепке әкеліп, бірге кітап оқуды әдетке айналдырды. Нұр үстіне нұр болып  бүгін Астана қаласының жергілікті тұрғыны Айдархан Көшенұлы мектеп кітапханасына  біршама  кітаптарды сыйлыққа тарту етті. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосып, бағалы қазынасымен бөлісе білген Айдархан Көшенұлына шексіз ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз