Жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК

slide
slide
slide

Ұлтымыздың ұлы ақыны, жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Жамбыл мұражайында «Жамбыл –жыр дүлдүлі» атты мұражай сабағы өткізілді

23 ақпан, 2023

Жамбыл өмірі мен шығармашылығын таныстырушы 10-сынып оқушылары келіп, барлық мұражайдағы мәліметтермен  таныстырылым жасады. Мұражай  меңгерушісі Усабаева Айгүл Аюпжанқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кашаева Арайлым Айдарқызы іс-шарада  түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, іс-шараның мазмұнын аша түсті. Оқушыларға түрлі қызықты викториналық сұрақтар қойып, балалардың Жамбыл аталары туралы білімдерін шыңдата түсті. 5-6-сынып оқушылары іс-шараға белсене қатысты. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан еді. Осы айтыстың  үлгісін оқушыларымыз да жалғастырып, мектебіміздің жас ақындары Батан Олжас пен Нұрболатқызы Жадыра жыр додасына түсті. Айтыс қыза түсіп, құлақтың құрышын қандырар сөздер көрермендердің ризашылығына ие болды. Оқушылар Ж. Жабаев шығармаларын жатқа оқып, өлеңдерінің мазмұнына терең бойлап, оның әр сөзінің салмағын сезініп, Жамбыл бабамыздың ұшан теңіз еңбектеріне тәуелсіздіктің жас ұрпақтары ретінде алғыстарын айтып өтті. Жамбыл өмірі – ол халық өмірі, ұлт тарихымен тамырлас тамаша тағдыр екендігіне оқушылар тағы бір мәрте көз жеткізді.  Мұражай сабағына  келген оқушылар Жамбыл тарихы мен шынайы өмірінің айнасы екендігін тереңінен түсініп, өздерінің бүгінгі алған білімдеріне алғыстарын айтып тарасты.