Астана қаласы әкімдігінің "Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия" ШЖҚ МКК
Астана қаласы " Әдістемелік орталығы" және Ж.Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен "Отбасындағы әкенің рөлі" атты қалалық жалпы білім беру мектептерінің әкелер арасында ток-шоу өтілді. Іс-шараның спикелері:
✅ 1. Атыбай Болат Астана қаласының БСҚД-нің жанындағы Педагогикалық әдепті сақтау және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның мүшесі
✅ 2. Мақсұтбек Айтмағанбет «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы
✅ 3. Бұғыбай Қасымхан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актеры «Мәдениет саласының үздігі»
✅ 4. Балабек Сақтағанов Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының жетекші сарапшысы PhD доктор
✅ 5. Жігер Төлеуқан "Құндылықтарға негізделген білім беру"Qundylyg.kz негізін қалаушы, тренері, менторы
💁♂️ Ток шоуда әсерлі әңгіме, ортақ ой, қоғамдағы орын алған келелі мәселелер қозғалды. Әр саладан келген әкелерімізге көптеген көкейкесті сауалдар қойып, орынды жауаптарын алды. Тіпті, қазіргі кезде әкелер тіршіліктің күйбеңімен аласұрып, жұмыс бастылықтан арыла алмай, тек ақша тауып, отбасын асырау, материалдық жағдайын жасау қамымен жүр. Кейбірі үйден тысқары жерде жұмыс істеп, бала-шағасын ұзақ мерзім көрмейді. Сол себепті бала тәрбиесімен анасы ғана айналысатынын сөз етті.
💁♂️ Технология дамыған сайын бәсекелестікке тайсалмай түсетін, "Zұрпағын" тәрбиелеуде аға буын өкілдеріне қиындық туындағанына Жігер мырза баса назар аударды. Сондықтан, өскелең ұрпақты сақтап қалу үшін адами құндылықтар негізінде тәрбиелеу керектігін басып айтты.
💁♂️Жалпысы, 2:30⏰ сағатқа созылған ток-шоуымыз ешкімді бей-жай қалдырмады. Спикелеріміздің әсерлі сөзі, ортақ әңгімесі -әкелерімізге керемет ой тастады. Ток-шоу қонақтары өз пікірін білдіріп, ортаға өнерлерін паш етіп, асқар тау әкелердің абыройын асқақтата түсті.
💁♂️ Іс-шара соңында мектеп басшысы Магзумова Бақытгүл Амангелдіқызы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, әкенің орны қашанда төрде екенін басып айтты. Себебі, әке тәрбиесінің артында ұлт тәрбиесі, мемлекет тағдыры жатыр деді.