«Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясының тарихы»
1907 |
Қазақ-татар медресесі болып ашылды. |
1909 |
Қазан қаласынан арнайы шақырумен келген Ғалымжан Құрмашев негізгі пәндерді оқытуды енгізді. |
1918 |
Колчак Армиясының әскери госпиталі болып, сабақтар тоқтатылды. |
1919 |
Кеңес Үкіметінің көмегімен мектеп қайта ашылды. |
1930 |
Мектеп жетіжылдық болып құрылды. Физика, химия кабинеттері, спорт залы жабдықталды. |
1936 |
7 оқушы – алғашқы түлектер ұшырылды. |
1940 |
Мектепке қазақтың дүлдүл ақыны Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. |
1945 |
Орта мектеп болып құрылды. Мектеп жанынан қыздарға арналған 120 орынды интернат ашылды. |
1954 |
600 бала, ер балалар мен қыздар, қатар оқи бастады. |
1958 |
765 орынды жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. |
1991 |
«Қазақ ССР оқу – ағарту ісінің үздігі» Жұмабике Әрпенованың бастауымен жаңа 3 қабатты ғимарат салынып, 1031 оқушы білім алды. |
1994 |
Ағылшын тілін тереңдетіп оқитын гимназия сыныптары ашылды. |
1997 |
Мектеп-гимназия мәртебесін иеленді. |
1998 |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Математикалық анализ» кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Т.Темірғалиевтің басшылығымен математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылды. Сыныптарда 4 ғылым кандидаты сабақ жүргізді. «Абайтану» курсы ұйымдастырылды. |
1999 |
Сәуір айының 7 жұлдызында Елбасы Н.Ә.Назарбаев мектепте болып, ұстаздар және оқушылармен пікір алмасып, оқу тәрбие үрдісіндегі жүргізіліп жатқан игі істерге ризашылығын білдірді. |
2000 |
Қалалық білім департаменті тарапынан мектеп «Ең сапалы білім беретін мектеп» деп аталды. |
2001 |
Ұлттық аспаптар оркестрі «Халықтық көркемөнер ұжымы» атағына ие болды. «Абай мұражайы», «Тәуелсіздік галереясы» ашылды. |
2002 |
Жаңа типті мектептер арасында мектеп ұжымы ІІІ орынды иеленді. |
2003 |
Мектеп жанынан 700 оқушыға арналған қосымша ғимарат салынды. |
2004 |
«Мектеп тарихы» мұражайы ашылды. |
2007
|
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының ашылғанының 100 жылдығы аталып өтілді. ҰБТ жоғары нәтиже көрсетіп, 9 «Алтын бегі» иегері болды. |
2008 |
Астана қаласы бойынша халықаралық, қалалық оқушылардың ғылыми жобалары бойынша озық көрінді. |
2009 |
Аудандық, қалалық пән олимпиадаларынан оқушылары жоғары нәтижеге жетті. |
2010 |
ҰБТ сапасын көтеру мақсатында ЖОО –мен серіктестік жасалды. 49 оқушы халықаралық, республикалық зерттеу жұмыстары бойынша жүлделі орындарға ие болып, Астана қаласы бойынша жоғары нәтижеге жетті. |
2011 |
Жамбыл зертханасы ашылды. Ол Мектеп тарихы, Абай зертханасы кешенімен біріктіріліп, республикалық мұражайлар байқауында ІІ орын алды. Оқушылар мен мұғалімдер Алматы облысындағы Жамбыл Жабаев мұражай үйінде болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. |
2012 |
«Жамбылтану» бағдарламасы жасалды. Қала көлемінде таратылып, «Астана дарыны» орталығымен бірігіп, 28 ақпанда Жамбыл оқулары үш бағытта (ғылыми конференция, жас ақындар, жамбыл өлеңдерін жатқа оқу) ұйымдастырылды. |
2013 |
Сатылай кешенді талдау» технологиясы тәжірибелік алаңы ашылып, нәтижесінде оқушыларымыз қалалық, республикалық жүлделі орындарға ие болды. «Халықаралық мектептің үздік бренді-2013» конкурсының «Болашақтың мектебі» аталымына ие болды. |
2014 |
Оқушы үні. Мектеп оқушыларымен әр ай сайын кездесіп, балаларды толғандырып жүрген мәселелер жайында сұхбатттасу. ҚР БҒМ «Үздік педагог» байқауында Уазырханов Мейрамбек жүлдегерлер қатарынан көрінді. |
2015 |
Қолөнер енгізілді. Халықаралық дәрежедегі біліктілікті арттыру. Түрік TIKA жеңіл өнеркәсіп компанияларымен байланыс. Қазақтың ұлттық қолөнерін, оқушылардың жұмыстарын халықаралық аренаға шығару ҚР БҒМ «Үздік педагог» байқауында С.Қаршыға жүлдегер атанды. |
2015-2016 |
Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы өткізілді. ҰБТ жоғары нәтижесі негізінде мектебіміздің 16 мұғалімі ҚР БҒМ Алғыс хатымен марапатталды. |
2016 |
Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы өткізілді. |
2017 |
Мектеп-гимназияның 110 жылдығы қала көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылды. |
2018 |
Білім мазмұнын жаңарту кластері бойынша жетекші мектеп болды. Астана қаласы озық мектептерінің ішінде ондыққа кірді. STEM инновациялық кабинеті ашылды. |
2019 |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Грантына ие болды. (10 млн). |
2020 |
Оқу-тәрбие жұмысына «Жамбыл және Ұлттық тәрбие» жобасы, сонымен қатар «Кітап оқу сағаты» енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» орталығының рейтингісінде қоғамдық-гуманитарлық пәндердің республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі мен оқушылардың ғылыми жобасы бойынша алғашқы ондықтың қатарынан көрінді. Серіков Қайрат, Тынымбек Жанарыс республикалық ғылыми жобалар конкурсының Республикалық «Жас маман» байқауында ІІ орынды иеленді (Атантаева С.А) |
2021 |
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңінде мектеп-гимназиялар арасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Үздік қалалық команда–2021» номинациясымен №4 мектеп-гимназиясы ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Әсембекқызы Әсем, республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы. Ермағанбет Әйгерім республикалық Абай оқуларының жүлдегері. |
2022 |
Амангелдиева Аяулым, республикалық ғылыми жобалар конкурсының Алтын медаль иегері. |
2023 |
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы ІІІ (қалалық) кезеңінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мектеп-гимназиялар арасында «Ең үздік олимпиадалық команда-2023» 3-дәрежелі ДИПЛОММЕН №4 мектеп-гимназиясы марапатталды. Астана қаласы бойынша пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосып, жоғары деңгейде атқарған жұмысы үшін Парасат клубы «Үздік клуб» номинациясымен марапатталады. Астана қаласы бойынша пікірсайыс қозғалысының дамуына үлес қосып, жоғары деңгейде атқарған жұмысы үшін Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы «Үздік мектеп» номинациясымен марапатталады. Абаева Әлия, республикалық ғылыми жобалар конкурсының Күміс медаль иегері. Аубакирова Асемгул Магзумова, бастауыш сыып мұғалімі, педагог-шебер, «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын жүзеге асыру әдістемелерінің республикалық байқауының ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. |
2024 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ(қалалық) кезеңінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мектеп-гимназиялар арасында «Ең үздік олимпиадалық команда – 2024» жүлдегері. Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, республикалық «Үздік педагог-24» атағының иегері болды. Тулбакан Еркин, «Үздік тәрбие орынбасары» қалалық байқауының Гран-При иегері. Сатыбальдин Батырхан, республикалық ғылыми жобалар конкурсының Алтын медаль иегері. Ахмет Ақбілек, республикалық «Зерде» шығармашылық балалар байқауының Алтын медаль иегері. Мектебіміздің қыздар волейбол командасы республикалық турнирдің І орын жүлдегерлері (жаттықтырушысы Нұрғалиев Қасқыр Қонысқараұлы), ұлдар волейбол командасы республикалық сайыстың 15 дүркін чемпионы атанды (жаттықтырушысы Шомаев Айдар Таңатқанұлы). «Әке көрген оқ жонар» тақырыбында республикалық жас ақындар айтысы өткізілді, Батан Олжас ІІ орынды жеңіп алды (жетекшісі Тлеуқұл Нартай). |