Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;
2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;
4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;
7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;
8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
10) сабақ кестесін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;
12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;
13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;
14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.
Мектеп-гимназиясының педагогикалық кеңесі қызметі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 Бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.
2024-2025 оқу жылындағы Педагогикалық кеңес жұмысының жоспары
№ |
Негізгі жұмыс бағыттары мен іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Орындауға жауаптылар |
1 |
І. Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысына талдау, ерекшеліктермен таныстыру 1. 2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітірушілердің еңбекпен қамтылуы. Грант нәтижесі. 2. 2024-2025 оқу жылының ерекшеліктері 3. Біртұтас тәрбие – білім беру үдерісіндегі басымды бағыт. 4. 2024-2025 оқу жылына мектептің оқу-тәрбие жоспарын бекіту. Тарификацияны бекіту. Күнтізбелік, факультатив, сабақ кестесі, сынып және бірлестік жетекшілерін, аттестаттау комиссия құрамын, тәлімгер мұғалімдерді, әдеп кеңесін, бос лауазымға педагогтерді қабылдау комиссиясын бекіту. 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жоспарын бекіту. |
Тамыз |
Б.Магзумова Л. Бердакова З. Ченыбаева А.Кошметова
|
2 |
ІІ. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде құндылықтарға бағыттап оқыту» Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде құндылықтарға бағыттай оқытудың мектеп мәдениетін қалыптастырудағы маңызын арттыру. 1.Білім стандартының орындалуы І тоқсан қорытындысын талдау. 2. Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде құндылықтарға бағыттап оқыту 3. 1, 5, 10-сынып оқушыларын оқытудың келесі сатыға бейімделуі. |
Қараша
|
А. Шаяхметова Е. Тулбакан Л.Бердакова |
3 |
ІІІ. «Өмірлік дағдыларды жетілдіру арқылы жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттіліктілігін арттыру» Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде оқытуды дағдылар негізінде жүзеге асыру. 1. Білім стандартының орындалуы. І жарты жылдық оқу үлгерімі. 2. Жалпыға бірдей білім беру айлығының жоспарын бекіту. 3. 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау ерекшеліктері. 4. Мемлекеттік емтихандар комиссия мүшелерін бекіту. 5. «Өмірлік дағдыларды жетілдіру арқылы жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттіліктілігін арттыру жолдары» |
Қаңтар |
Л. Бердакова М. Искакова З. Ченыбаева А.Сансызбаева |
4 |
ІҮ. «Білім беру парадигмасының өзгеруі жағдайында сандық ресурстарды және жасанды интеллекті тиімді пайдалану» Мақсаты: педагогтардың оқу-тәрбие үрдісінде сандық ресурстарды және жасанды интеллекті қолданудағы белсенділігін дамыту. 1.Білім стандартының орындалуы. ІІІ тоқсандық сапа мен үлгерім көрсеткіштері. 2. «Сандық ресурстар мен жасанды интеллекттің оқу сапасына әсері |
Наурыз |
Л.Бердакова З. Ченыбаева
|
5 |
1. Білім стандартының орындалуы. 2. Мемлекеттік емтихандар кестесін бекіту. 3. 1-4, 5-8, 10-сынып оқушыларын сыныптан-сыныпқа көшіру. 4. 9, 11-сынып оқушыларын денсаулық бойынша мемлекеттік емтихандардан босату туралы. Мемлекеттік емтихандарына жіберу туралы. 5. Оқушылардың жазғы демалыс жоспарын бекіту. 6. Еңбек тәртібінің орындалуы. 7. Жас маман мен тәлімгердің жылдық есебі |
Мамыр |
Б. Магзумова Л.Бердакова А.Шаяхметова С.Айдарбек А.Шалабаева
|
6 |
9-сынып оқушыларының негізгі мектеп бітіру емтихандарының қорытындысы. 11 – сынып оқушыларының орта мектепті бітіру емтихандарының қорытындысы. |
Маусым
|
Б. Магзумова Л.Бердакова
|